Ұлттық гвардияның сарбазы жарылғыш заттан зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық гвардияның сарбазы жарылғыш заттан зардап шекті

30.07.2018

Қарағанды облысындағы  Ұлттық гвардияның сарбазы жарылғыш заттан зардап шекті. Ауыр жарақат алған  кіші сержант Асан Сейінбай қазір ауруханада жатыр. Әскери бөлім басшылары жарылғыш заттың нақты не екенін дөп басып айта алмай отыр. 

Жылына екі рет тазаланып, бақылаудан өтетін Қарабас оқу-жаттығу алаңы соңғы рет  24 сәуірде толықтай тексерілген.

Оқу алаңына жарылғыш заттың қайдан келгенін арнайы комиссия анықтайды. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу