Стамбулда болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулда болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті

16.05.2016
Стамбулда болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті

Жарылғыш зат бүгін қаланың азиялық бөлігінде орналасқан Малтепе ауданында жарылды. Осы оқиға кезінде көпірдің астынан өтіп бара жатқан көлікте отырған екі жолаушы мен такси күтіп тұрған тағы екі азамат зардап шекті.  Жараланған 4 азаматқа да жарылғыш заттың жарқыншақтары тиген.  

Полиция қазір оқиғаның себеп-салдарын іздестіру үстінде. Алайда, осы оқиғаға кінәлі болуы мүмкін адамдардың есімдері әзірге белгісіз.    

 

Хабарламаларға жазылу