Үйсіз қалған шахандықтарға пәтер беріледі. Депутаттар бір күндік жалақыларын аудармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйсіз қалған шахандықтарға пәтер беріледі. Депутаттар бір күндік жалақыларын аудармақ

05.01.2017
Ол үшін қоғамдық қорға жиналған қаражат жұмсалады. Ал, елді мекенге орталықтандырылған жылу қазандығын салу мәселесін Мәжіліс депутаттары «тиісті орындарда көтереміз»,-деп уәде берді. Бүгін бір топ халық қалаулылары шахандықтармен кездесіп, жағдайды өз көздерімен көрді.

Депутаттар елордадан апаттан зардап шеккен 118 адамға гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік ала келген. Бұған қоса 107 депутаттың бір күндік жалақылары қорға аударылатын болды.


Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу