Депутаттар орман өртінен зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар орман өртінен зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады

11.05.2021

Орман өртінен зардап шеккен Риддер тұрғындарына қаржылай көмек көрсетіледі. Парламент депутаттары мен қызметкерлері, Нұр-Отан партиясы орталық аппаратының мамандары бір күндік жалақыларын аударады. Ал, әзірге үй-күйсіз қалған 81 адам Риддердегі қонақ үй мен колледждің жатақханасына орналастырылды. Қиындыққа түскен әр отбасыға қаладағы тау-кен комбинаты 1 миллион теңгеден жәрдем етеді. Жалпы, Президент тапсырмасына сәйкес өртеніп кеткен үйлер мемлекет есебінен қайта салынады. Материалдық шығын да өтеледі. Облыста арнайы комиссия құрылды. Арнайы қор да жұмыс істеп тұр. Халық асарлатып жатыр. Риддердегі қамкөңіл жандарға Павлодардан да қайырымдылық жүгі жөнелтіледі. Жақсылыққа ұйытқы болған аймақ жастары. Олар бір күнде адамдарды топтастыра білді.

Еркебұлан Күнтуған, еріктілер орталығының менеджері:
Ол көмектің ішінде ең басты қажет заттар, киім-кешек, ыдыс-аяқ, төсек орын жабдықтары сияқты гуманитарлық көмек жіберілетін болады. Жүк көлігі бүгін кешке жолға шығады. Таң атысымен Риддер қаласында болады.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу