Бағдаршамдар неге қымбат? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдаршамдар неге қымбат?

21.12.2016
Қарағандыда құжат бойынша бір жол қиылысын бағдаршаммен жабдықтау үшін 10 миллион теңге жұмсалады деп жобаланған.

Қарағанды қаласының бюджетін қараған қоғамдық кеңес мүшелері алаңдаулы. Бағдаршам орнатуға бөлінбекші қаржының көлемін білгенде, таңданыстарын жасыра алмады.

Құжат бойынша бір жол қиылысын бағдаршаммен жабдықтау үшін 10 миллион теңге жұмсалады деп жобаланған. Белсенділер бұл тым қымбат баға екенін дәлелдеп берді. Жалпы, кеңес отырысында қала бюджетіне қатысты басқа да бірқатар мәселе қаралды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу