Шымкентте бағдаршам істен шығып, көше жарықсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бағдаршам істен шығып, көше жарықсыз қалған

07.12.2023

Бұл Шымкент қаласындағы жаңадан бой көтерген «Шымсити» шағын ауданы. Ондағы көшелер тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Жолдар 2-3 жыл бұрын салынып біткенімен, қиылыстарға орнатылған бағдаршамдар мүлдем істемейді. Көшеде кешқұрым шамдар да жанбайды. Салдарынан авокөліктер жиі соғысып, жолаушылар мертігіп жатыр. Адам өлімі де болды.

Ерболат Айнбеков, қала тұрғыны:

Бұл жерде тек көлік апаты емес жарық жанбауына байланысты адамдарды қағып кету фактілері тіркеліп отыр. Қараңғыда көрмей қалады. Қазір қыс ауасы, күн ерте батады. Оқушылардың мектептен қайтуы, барып-келуі қиындық туғызуда.

Жаңа шағын аудан екі жылға дейін мемлекет меншігіне өтпей, қараусыз қалған. Былтыр ғана сең қозғалып, тиісті мекемелер балансына ала бастаған. Атқарушы билік, істен шыққан бағдаршамдар мен жарықты ауыстырып беруді талап етіп, мердігер компанияны сотқа берген. Нәтиже жоқ. Енді қазынадан қыруар қаржы бөліп, қайтадан жаңасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Нұрбол Ілесов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Жарамсыз бағдаршамдардың барлығын қазіргі таңда демонтаждап, орнына жаңасын қою үшін 2024 жылы 12 орынға жаңа бағдаршам орнатуға өтінім бердік. Ол қолдау тапты. Мемлекеттік сатып алу нәтижесіне сәйкес 2024 жылға жоспарланып отыр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу