Дәурен Абаев: Қоғамдағы ықпалын сақтап қалу үшін өңірлік медианың деңгейі жоғары, сөзі өтімді болуы керек

18.11.2016
Мемлекеттік саясатты, сан түрлі бағдарламаларды халыққа түсіндіруде, бұқараның мұң-мұқтажын билікке жеткізуде аймақтағы ақпарат құралдары қыруар шаруа атқаруда. Олай болса, өңірдегі газет-журнал, телеарналардың кәсіби деңгейі, материалдық жағдайы республикалық масс-медиадан бір мысқал да кем болмауы тиіс.

Астанада өтіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары форумында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.


Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу