«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: 2021 жылдан бастап саусақ ізі бар жеке куәліктер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: 2021 жылдан бастап саусақ ізі бар жеке куәліктер беріледі

14.11.2016
Елімізде 2021 жылдан бастап саусақ ізі бедерленген жеке куәліктер беріле бастайды. Бұл құжаттан бас тартқан азаматтарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 4200 теңгеден астам айыппұл салынады және ол жеке куәлік ала алмайды.
Бүгін Мәжілісте тиісті құжаттың таныстырылымы өтті. Басты мақсат - лаңкестік әрекеттердің алдын алып, қауіпсіздікті күшейту. Бұл қызмет түрінен бас тартқан шетелдіктер болса, бірден елден шеттетіледі. Жеке куәлік бұрынғыдай Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.

Ақмола облысында жас мамандарды оқыту курсы басталды
Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жұмысқа жаңадан қабылданған жас прокурорларды оқыту курсы басталды.
Айта кетейік, Бас прокуратура биылдан бастап қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың жаңа әдісін енгізген болатын. Бұрын мамандарды іріктеуде олардың білімі мен біліктілігі ескерілсе, бұдан былай қоғамдық көзқарасын, мақсатын, мінез-құлқын анықтайтын жайлар да қамтылады.

Осы және өзге де ақпараттар туралы толығырақ сағат 17:30-да «Kaznews» жаңалықтарынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу