Астанада алма ағашы жеміс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алма ағашы жеміс берді

30.08.2016
Астанада алма ағашы жеміс берді

Астанада да алма ағашын өсіріп, одан жеміс алуға болады.  Мұны астаналық  Ержан Исақұлов есімді ақсақал дәлелдеп шыққан.  Ол осыдан он жыл бұрын солтүстік өңірлерге бейімділген ағашты отырғызып, оның сабағына оңтүстік өңірден әкелінген алма ағашын будандастырған.

Нәтижесінде  ағаштың тамыры суыққа шыдамды, ал жоғары жағы жеміс беруге бейімделіп өскен. Ал, ең қызығы, биыл алма ағашы тамыз айының соңына қарай қайта гүлдеген.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу