Ақтөбе облысында 1500-ден астам салафит бар - ҰҚКД

15.06.2016
Ақтөбе облысында 1500-ден астам салафит бар - ҰҚКД

Ақтөбе облысында салафиттердің жалпы саны 1565-ті құрайды, олардың 90-ы жиһадшылар. Бұл туралы бүгін ҰҚК облыстық департаментінің бастығы Нұрлан Қадырбаев мәлімдеді.

«Өңірде орын алған лаңкестіктің сыбайластарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Салафиттерді анықтау үшін көп күш кетеді. Өткен жылдан бастап 32 салафит  райынан қайтарылды. Алайда бұл жұмысты жүргізу үшін теологтар мен имамдар саны жеткіліксіз. Жергілікті мамандар дайындау қажет», - деп атап өтті Н. Қадырбаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бастап ҰҚК қызметкерлері салафиттердің 14 тобы қызметінің жолын кесті. Алайда, жіті бақылау қажет, себебі бұл интернет арқылы да жүргізіледі, өткен жолғы ақтөбелік лаңкестермен болғандай, лаңкестік жасауға команданы   интернет арқылы да алуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу