Қызылордалық дихандар күріштің «Лидер» және «Фаворит» тұқымдарын өсіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық дихандар күріштің «Лидер» және «Фаворит» тұқымдарын өсіруде

15.06.2016
Қызылордалық дихандар күріштің «Лидер» және «Фаворит» тұқымдарын өсіруде

Жыл соңында дастарханымызға күріштің элит түрлері түседі. Қызылордалық шаруа аса жоғары бағаланатын, шығымдылығы жоғары «Лидер» және «Фаворит» тұқымдарына бет бұрды.  «Төңкеріс» шаруа қожалығы биыл 1200 гектар жерге түрлі дәнді-дақылдар өсіруді қолға алып отыр. Бұл орайда сыр маржанының өнімділігін арттыруға ерекше мән берілген. Ол үшін Ресейден элиталық күріш сорттарының тұқымы әкелініп кәдеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, көлемді аумаққа жоңышқа өсіріліп, жердің құнарлылығын сақтауға да үлкен мән беріліп келеді.

 

Ә.СЕРІКҰЛЫ                                            

Хабарламаларға жазылу