ШҚО-да екі бүлдіршін арықтың суына батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да екі бүлдіршін арықтың суына батып кетті

18.05.2021

Шығыс Қазақстанда үш жастар шамасындағы екі бала арықтағы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Үржар ауданының Елтай ауылында болған. Бүлдіршіндердің жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен бойда іздеу жұмыстары басталды. Көп ұзамай олардың денесі сол маңайдағы арықтан табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Еске салайық осыдан бір ай бұрын Риддер қаласында да 2 жасар сәби үйдің қасындағы өзенге батып кеткен еді. Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін облыстық полиция департаменті жағажайларда рейдттік шаралар өткізіп жатыр. 

Думан Айтқазыұлы, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
Полиция қызметкерлері суға шомылатын орындарда үнемі рейдтік шаралар өткізеді. Қазіргі таңда көп жағдайлар, қайғылы оқиғалар ата-аналар балаларды қараусыз қалдыруынан болады. Ата-аналардан суға түсетін жерлерде, балалармен бірге демалыс кезінде алкаголь ішпеуді сұраймыз.

Берік Көшербай

полиция ШҚО

Хабарламаларға жазылу