Барлық өңірде егіс науқаны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барлық өңірде егіс науқаны аяқталды

07.06.2019

Елімізде егіс науқаны ойдағыдай аяқталды. Енді диқандар мол өнім жинап алуға үмітті. Оған қолайлы ауа райы да өз септігін тигізіп отыр. Биыл көктемгі егіс алқабы 19 млн гектардан асқан. Дәстүрлі астық дақылдарынан бөлек, көкөніс пен майлы дақылдардың көлемін көбейтуге басымдық берілді. Мәселен Қызылжарда «Солтүстік соя» бағдарламасы әзірленіп, 14 мың гектар жерге егілген. Алдағы 5 жыл ішінде соя өсіру ісін дамытып, 1,5 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Науқан барысы ойдағыдай өтуі үшін диқандарға жеңілдетілген несие берілді. 2300-ге жуық шаруашылық 60 млрд теңге қаржы алған. Министрлік агроөнімдердің экспортын арттыруды жоспарлап отыр.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Корпорацияларды дайындап жатырмыз. Бүкіл элеваторларды дайындап жатырмыз. Вагоннан да проблема болмасын. Уақытында экспорттау керек.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу