Ақтөбеде ахуал тұрақталды

06.06.2016
Ақтөбеде ахуал тұрақталды

Ақтөбедегі атыста 12 шабуылдаушының көзі жойылды, тағы шамамен 7-і іздестіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Облыс антитеррористік операция режиміне көшті. Кәсіпорындар мен қоғамдық көліктер тұрақты тәртіпте жұмыс істеуде. Ішкі істер органындағы барлық жеке құрам күшейтілген қызметте жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселені  Мемлекет басшысы өз бақылауында ұстап отыр. Қаладағы Ұлттық бірыңғай тестілеу, ертеңге, яғни 7 маусымға ауыстырылды.

Ал, қаза тапқан және жапа шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу