Алматыда қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей жазаланды

31.08.2021

Алматыда қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей жазаланды. Әлем желіде тараған мына видеода тәртіп сашысының формасындағы азаматты әлдебіреудің ұрып жүргенін көруге болады. Оның Наурызбай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары екенін айтылды. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Аталған факт бойынша қол көтерген азамат жұмысынан босатылған. Қылмыстық кодекстің 362-ші бабы, яғни «билікті және лауазымдық өкілетті асыра пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу