Анталияға барған дүниежүзі тоғызқұмалақ қауымдастығының өкілдері ұлттық ойынды түріктерге үйретіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анталияға барған дүниежүзі тоғызқұмалақ қауымдастығының өкілдері ұлттық ойынды түріктерге үйретіп жатыр

18.05.2016
Анталияға барған дүниежүзі тоғызқұмалақ қауымдастығының өкілдері ұлттық ойынды түріктерге үйретіп жатыр
Түркиялық ұстаздар бір мезет шәкірттерге айналды. Екі күн бойы олар тоғызқұмалақ ойнаудан дәріс алып, ойынның айла-тәсілдерімен танысады. Кейін игерген ілімімен өзге өлкелердегі әріптестерімен бөліседі. Сөйтіп, қазақтың тоғызқұмалағы Анадолы жерінің түкпір-түкпіріне тарайды.

Ұлттық ойынымызға Түркия ғана емес, Еуропа елдері де қызығушылық таныта бастады. Биыл алғаш рет өтіп жатқан семинарға тек Швеция қатысты. Алдағы жылдары игі іс-шараның ауқымы кеңейіп, мемлекеттер саны да көбейе түспек. Осылайша, төрт ғасырлық тарихы бар тоғызқұмалағымыз дүниенің төрт бұрышына тарамақ.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу