Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына орай форум ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына орай форум ұйымдастырылды

28.09.2022

Дүниежүзі қазақтары құрылтайына биыл 30 жыл. Осыған орай елордада кең көлемде мерейтойлық форум ұйымдастырылды. Шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, депуттатық және дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Германия, Дания, Түркия, Франция елдеріндегі қазақ диаспораларының өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ форум аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының қорындағы архив құжаттары мен кітаптарының көрмесі, дәстүрлі қазақ қолөнері мен ұлттық киімдерінің көрме-жәрмеңкесі қойылған.

Ертолқын Қайратұлы, Ыстамбұл қазақ-түрік білім беру және зерттеу қауымдастығының төрағасы:

Бірінші құрылтайдан бастап - дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылтайларына орай өркениетті қазіргі қазақтың жағдайы, келешегі, болашағы, салт-дәстүрлеріміздің маңызы туралы құрылтайда сөйлеп, тыңдап отырып, өз пікірлерімізді айтамыз. Сол үшін бүгін Ыстамбұлдан таңертең келдік.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу