Бүгін еліміздің батыс аймақтарының тұрғындары \"Көрісу\" немесе \"Амал\" мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл Наурыз мейрамының басталуы болып есептеледі.
Көнеден келе жатқан мейрамды соңғы жылдары атап өту құлашын кеңге жайып келеді. Кеше түнде Маңғыстау облысындағы Отпан тауда «Бірлік» алауы жағылды. Бұл таудың биіктігі теңіз деңгейінен 532 метр.
Отпан тауда алау үш жағдайда тұтатылыпты тарихта. Алғашқысы, осы «Амал» мерекесі кезінде болса, екіншіден, жау шапқанда алау жағылған. Бірақ, онда қара түтіннің шығуына мән беріліпті. Ал, ел ағалары мен ақсақалдардың кеңесін өткізу қажет болғанда Отпан тауда алаудың тұтатылуы үшінші жағдай болып саналған екен. Онда ақ түтін шығуы тиіс. «Амал» мерекесі кезінде таудағы оттың жалыны күшті болуы қажет. Көктем мерекесін қарсы алған маңғыстаулықтар осы жайтты да ұмытқан жоқ.
Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады. Әсіресе, жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.
Көрісу мерекесінде әр үйде дастархан жайылып, келгендер ас пен ақтан дәм татады. «Амал» мейрамы Наурыз меркесінің басы саналады. Ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ертеректе наурыздың 7-8 күн тойланғанын, наурызнама беру деген дәстүр болғанын жазған. Ал, 22 наурыздағы күн мен түннің теңелуі Ұлыстың ұлы күні саналған. Ұлыстың ұлы күніндегі ең басты шара ақсақалдардың бата беруіне негізделсе керек. Ал, «Амал» жылдың басы саналыпты.
Қазіргі кезде «Амал» мерекесін атап өту кең қанат жайып келеді. Әлеуметтік желілерде бір-бірін құттықтап жатқандар да көп. Отпан таудағы шараларға қатысу үшін арнайы Маңғыстауға жиналған азаматтардың да қарасы мол. Сонымен бірге, еліміздің әр қаласында үлкендерге сәлем беру, көрісу салтын жасап жатқандар да бар.

Kaznews.kaztrk.kz
Фото lada.kz сайтынан алынды