Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды
Батыстағы ағайын бүгін «Амал» мерекесін атап өтуде. Биыл да дәстүрлі шара теңіз деңгейінен 532 метр биікте орналасқан Отпан таудың басында басталды.
Мерекелік шара «Адай ата» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды. Кеше кеште бірлік пен татулықтың белгісіне айналған «Бірлік оты» жағылып, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналып, құран оқылды. Ал, бүгін таң сәріден тұрғындар «Амал келді, жыл келді!» деп бір-бірімен көрісуде. Маңғыстаулықтар бұл мерекені жылда сән-салтанатымен, дүркіретіп атап өтетін. Алайда соңғы 2 жылда карантинге байланысты ұлан-асыр той болмады. Биылғы шара одан әрі Ақтау қаласында «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» атты мерекелік концертке ұласады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды
16.07.2026, 17:20
Семей орманындағы өртті әлі сөндіріп жатыр
16.07.2026, 17:17
Ресейде бизнес ₽7,5 триллион шығынға ұшырады
16.07.2026, 17:15
Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салды
16.07.2026, 17:12
Биылғы ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
16.07.2026, 17:10
Халықтық Конституция – әділетті қоғам негізі
16.07.2026, 17:07