«Виртуалды ветеринар» атты бағдарлама таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Виртуалды ветеринар» атты бағдарлама таныстырылды

28.10.2014
«Виртуалды ветеринар» атты бағдарлама таныстырылды

Көрме аясында АҚШ ғалымдары жасаған «Виртуалды ветеринар» атты жаңа бағдарламаның тұсаукесері өтуде. Бұл бағдарлама телеветеринария саласын дамыту жолындағы тұңғыш жоба.

Телеветеринария – бұл мал шаруашылығының жаңа бағыты. Яғни, бағдарлама қашықтықта малдың жағдайын анықтауға, вакцинация және  қоректендіру бойынша сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Көрме алаңында аталған құрылғымен танысып,  жобаның жетекші ветеринарлары – Тиммерсон және Карлсон докторлармен кездесуге болады.

Хабарламаларға жазылу