Қорғаныс министрі «Айбалта-2016» жаттығуын бақылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрі «Айбалта-2016» жаттығуын бақылады

26.02.2016
Қорғаныс министрі «Айбалта-2016»  жаттығуын бақылады
Қорғаныс министрі «Айбалта-2016»  жаттығуын бақылады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығы, «Шығыс» сынақ алағында өтіп жатқан «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Аталған жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің барлық өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері тартылған болатын. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қорғаныс министрі «Айбалта-2016»  жаттығуын бақылады
Далалық жағдайда жаттығу шараларын өткізу үшін әскерлер өздеріне бейтаныс аймаққа тартылды. Жауынгерлер ара қашықтығы 2 ден 4 мың шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтіп, басқа өңірге әкелінді. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген ұшақтар оператвиті әуежайларға шоғырландырылды. Сарбаздар артиллерядан, танктерден, бронды көліктерден оқ жаудырып, қыс мезгілінде ірі көлемді жаттығуға қатысып жатыр. Ми-8, Ми-17 тікұшақтары, Миг-27, Су-30, Су-27, Су-25 ұшақтары да жаттығуға келген.


Бұрын соңды болмаған ірі оқу-жаттығуға ауа-райының қолайсыздығына, қыстың қытымырлығына қарамастан табандылық пен төзімділік таныта білген барлығы 5 мыңға жуық әскери қызметші жұмылдырылған. Осы кезең аралығында барлығы 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 дай әуе техникасы тартылып, іс-қимылдардың реттілігін және жаттығудың түпкі мақсатын жүзеге асырып жатыр.
Қорғаныс министрі «Айбалта-2016»  жаттығуын бақылады
Ең ірі жаттығу қимылдарына өңірлік қолбасшылық басқармасы органдары мен Аэроұтқыр әскерлері, Әскери әуе күштерінің, аймақтық қорғаныс және бригада басқармасының жедел топтары, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің өкілдері және де ІІМ ұлттық ұландар тартылды. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ос ыжаттығуды тікелей өзі бақылап отыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу