Ұлыстың ұлы күніне тілек жолдап, бағалы сыйлыққа ие болыңыз!

Сонымен, халқымыз тағатсыздана күткен көктемнің ең жарқын мерекелерінің бірі, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының келуіне де аз уақыт қалды. Мерекені тойлау дәстүріне сәйкес, осы күні қалың көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Жаңа жылдың жақсылыққа толы болуын тілейді. Осыған орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен Қазақ радиосы ел тұрғындары үшін «Наурыз-тілек!» байқауын жариялады.
Оның талаптары бойынша, еліміздің әрбір азаматы өзінің жақындары мен туған-туыстарын сондай-ақ, республика халқын осы тамаша мерекемен құттықтауға мүмкіндік алады. Ал, үздік құттықтау жолдаған азаматтар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Бұл ретте бірінші орынды жеңіп алған азамат ұялы телефонды, екінші орын алған адам планшетті, үшінші орын иегері электронды кітап жеңіп алатындығын айта кету керек.
Аталмыш байқауға қатысу үшін азаматтар өздерінің Наурыз мерекесіне деген аудио, бейне немесе жазбаша материалдарын 1-наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz мекенжайына жолдаулары қажет. Сонымен қатар, байқауға қатысуға ниет білдірушілер 8 (7172) 55-33-26, 55-33-37 телефон нөмірлеріне хабарласып, өздерінің тілектерін жолдай алады.
Бұған қоса, тұрғындар Ұлттық арнаның facebook, instagram, vk, twitter әлеуметтік желілеріндегі мекенжайына #nauryztilek хэштегін көрсете отырып, тілектерін жолдауларына болады. Үздік тілектерді корпорацияның Көркемдік кеңесі таңдайды. Жеңімпаздың есімі Наурыз мерекесінің алдында жарияланады.
Біз Сіздердің Наурыз мерекесіне арналған тілектеріңізді асыға күтеміз. Аталмыш байқау туралы жаңалықтарды nauryz.kaztrk.kz сайтынан қарап, біліп отыруларыңызға болады. Іске сәт!

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда 120 орындық әскери казарма ашылды
05.01.2026, 13:21
Түркістан облысында «Келешек мектебі» сапасыз салынған
05.01.2026, 13:18
Павлодар әуежайы биыл жөнделіп бітеді
05.01.2026, 13:15
Грекия әуежайларының жұмысы қалпына келе бастады
05.01.2026, 13:12
Әлем лидерлері Венесуэлаға қатысты пікір білдірді
05.01.2026, 13:09
Цифрлық активтерден ₸1,8 млрд заңсыз шығарғандар тергелді
05.01.2026, 13:06
Президент: Қазақстан цифрлық державаға айналуы тиіс
05.01.2026, 13:03
Президент саяси реформаларға қатысты пікір білдірді
05.01.2026, 13:00