Оңтүстікқазақстандық студент 80-ге тарта полицейді жазаға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандық студент 80-ге тарта полицейді жазаға тартты

23.01.2016
Оңтүстікқазақстандық студент 80-ге тарта полицейді жазаға тартты
Баһадыр есімді жігіт полицейлердің заңға қайшы әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, оны тиісті орындарға жіберіп отырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары оқу орының студенті жол ережесін бұзған 80-ге жуық полиция инспекторын жазаға тартты. Баһадыр есімді жігіт сабақтан бос уақытында полицейлердің заңға қайшы әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, оны тиісті орындарға жіберіп отырады.

Қоғам белсендісінің бұл әрекетін қуаттаған көлік жүргізушілері, оған еліміздің түрлі өңірлерінен бейне фото айғақтар жіберіп, құқық қорғаушылардың өздерін тәртіпке салуға себепші болуда.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу