Павлодарда егіздер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда егіздер фестивалі өтті

01.06.2023

Павлодарда «Қос қанат» деген атаумен егіз балалар фестивальі өтті. Тәй-тәй басқан кішкентайлардан бастап, 16 жасқа дейінгі 50-ге тарта егіз жұп шеру тартты. Сахнаға ұлттық киіммен қол ұстаса шыққан балалардың бәрі өнерлі. Дөңгелене би биледі, әуелете ән салды. «Фестиваль мақсаты–жастарды көпбалалы болуға ынталандыру, отбасы құндылығын насихаттау дейді», - ұйымдастырушылар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу