Қазақ телевизиясының тарихына шолу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясының тарихына шолу (ВИДЕО)

04.02.2018

Биыл Қазақ теливизиясына 60 жыл. Бұл әрине, халықтың көзі, құлағы һәм тілі болуға талпынған алыптардың ақыл-ойының таспаға басылған тарихы. Ал, ақпарат таратудың ежелгі тарихын тізбектейтін болсақ, ол тасқа жазылған тасбітіктен басталады.

Ең алғаш 1958 жылдың 16 наурызында Алматы телестудиясы тұңғыш рет хабар таратты. Содан бері техника дамып, телевизия теңдессіз деңгейде түрленді. Медиа кеңістіктегі әлеуетіміз артты. Алаштың арын, ұлттың ұжданын, халықтың қамын ойлаған басты арна әу бастан ағартушылық, танымдық хабарларға басымдық беріп, рухани және әлеуметтік саладағы тың тақырыптарды бағдарламаға арқау етті. Көп арна енші алысып тарқасқанда, Қазақ телевизиясының қарашаңырағы болып Ұлттық арна қалды. Нұрлан Асқарұлы Қазақ телевизиясының тарихына шолу жасайды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу