Астанада «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

09.06.2015
Астанада «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция барысында Қазақ хандығы құрылмай тұрған кезеңді жан-жақты қамтитын «Ежелгі өркениеттегі қазақ мәдениетінің іздері» атты Қазақстанның халық жазушысы, ҚР ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі О.О.Сүлейменовтың баяндамасында қазақ ұлтының болмысын, ежелгі дәуірлерде ғалымдар мен саяхатшылардыңқалдырған естеліктері мен жазбалары, олардағы қазақ елінің мәдениеті туралы мәтіндер сөз болды.   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тар.ғ.д., профессор, Геттинген университетінің Құрметті профессоры (Германия) Қалқаман Жұмағұловтың «Түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері» атты баяндамасында автор Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан табылған  қолжазбалар негізінде соны деректер айтып өтті.

Баяндамада автор бүгінгі қазақ елінің сонау түркі дәуірінен, Еділ патшадан (Атилла) басталған ұланғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін тілге тиек ете келе, танымал орыс ғалымы А.И. Левшин және швед саяхатшысы, географ, жазушы Свен Андерс сынды ғалымдардың еңбектері негізінде «қазақ» сөзінің шығу тарихына үңілді.

Конференцияны қорыта келгенде, сол замандағы билер кеңесінің рөлін қазіргі парламент орындауда деген пікірге тоқтады. Сонымен қатар, баяндамада Елбасының «Мәңгілік ел» қағидасы концептуалдық тұрғыдан талданды.

Хабарламаларға жазылу