Жас сарбаздарға психологиялық қолдау көрсетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас сарбаздарға психологиялық қолдау көрсетіле бастады

19.11.2015
Жас  сарбаздарға  психологиялық  қолдау көрсетіле  бастады
Жас  сарбаздарға  психологиялық  қолдау көрсетіле  бастады

ҚР Қарулы Күштеріндегі күзгі шақыру аяқталғаннан кейін келесі маңызды кезең басталды. Әскерлерде жас толымның әскери қызмет жағдайына бейімделуі бойынша іс-шаралар өткізілуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери бөлімдердің психологтарымен күзгі шақырылым әскери қызметшілерінің жеке қасиеттерін, олардың қажеттіліктерін, әскери қызметке және әскери ұжымға бейімделу барысын зерделеу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Әскери қызметшілердің жеке психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін терең зерделеу жүргізілді. Ол үшін кешегі шақырылушылармен бейімделу мәселелерін айқындау үшін тестілеу өткізді, олардың психологиялық портретін құрды.

«Биылғы оқу жылында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде алғаш рет «Жауынгерлік қаруластар» жүйесі сынамадан өтті. Мерзімді қызметтің жас сарбаздары 2 адамнан жұп болып, бір-біріне демеу болады, ой бөліседі, өздерін бақылап жүреді. Бұл ретте адам оны мазалап жүрген мәселелер және сұрақтармен жападан жалғыз қалмайды. Бұл жүйенің енгізілуінен жақсы нәтижелерді атап өтуімізге болады», - деді 58012 әскери бөлімінің аға офицері, психолог, лейтенант Гаухар Әлібекова. «Армиядан не күтесіз?» атты сауалнама жүргізіп көрдік. Нәтижелері жаман емес, бөліміміздің жас толымының 100%-ы қызмет өткеру жағдайына дән риза, әскери бөлімнің жеке құрамы олардың көңілдерінен шығып, армия олар ойлағаннан гөрі әлдекайда жақсы екеніне келісті.

Одан басқа, ҚР ҚК-нің барлық әскери бөлімдерінде босаңсуға арналған психологиялық тынығу бөлмелері бар. Онда ойын тренингтері, бөлім психологтарымен жеке әңгімелесулер, психологиялық кеңес беру өткізіледі.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу