Қостанайлықтар ауылшаруашылық еңбеккерлері күнін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлықтар ауылшаруашылық еңбеккерлері күнін тойлады

13.11.2015
Қостанайлықтар ауылшаруашылық еңбеккерлері  күнін  тойлады
Қостанайлықтар ауылшаруашылық еңбеккерлері  күнін  тойлады

Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде ауылшаруашылық еңбеккерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары, өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлады.
Жыл сайын күзгі жиын-терін аяқталған соң өтетін дәстүрлі жиында облыс әкімінің орынбасары ағымдағы жылғы ауылшаруашылық саласында қол жеткен жетістіктер жайын баян етті. Биыл агроөндріс саласы 269 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімін өндірді, сондай-ақ өңір дихандары ел қамбасына 5 млн тонна астық құйды. Яғни, республика бидайының төрттен бірі Қостанай облысына тиесілі. Өндірістік сектордағы төрт түлік саны да еселеп артқан. Биыл облыс 382 мың тонна сүт, 91 мың тонна ет, 570 млн жұмыртқа өндірген. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов ауылшаруашылық саласына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың маңызына тоқтала келіп, алдағы уақытта әсіресе ауылды дамытуға баса көңіл бөлінетіндігін айтты.
Жиында ауылшаруашылық озаттары марапаталды. Сондай-ақ, алда күтіп тұрған міндеттер айқындалды. Соның ішінде ең негізгісі - алқапты әртараптандыру және агробизнесті жаңа белеске көтеру.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу