Қазақстандағы елшілер ұлыстың ұлы күнін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы елшілер ұлыстың ұлы күнін тойлады

20.03.2024

Ұлыстың ұлы күні – Наурызды дипломатиялық корпустың елшілері де тойлады. Қазақтың ұлттық киімін киіп, «Наурыз балына» қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған бұл шара биыл алғаш рет өтті. Дипломаттар халқымыздың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпымен етене танысты. Қазақтың шапанын киген әртүрлі мемлекеттің өкілдері, бірін-бірі жыл басымен кұттықтады. Ұлттық ойындарымызды ойнап, өзара бақ сынасты. Кеш барысында қазақтың мәденетінен сыр шертетін түрлі музыкалық композициялар орындалды. Осылайша, жиында тарих пен өнер, бірлік пен татулықтың нышаны ерекше көрініс тапты

Анри Вантигем, Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің елшісі:

Мен бүгінгі кешке қатысып жатқаныма ризамын. Қазақ халқын осы бір керемет мереке – Наурызбен құттықтаймын, жақсылық тілеймін. Бірге тойлап жатқанымызға қуанып тұрмын.

Кэтрин Лич, Қазақстандағы Ұлыбритания Корольдігінің елшісі:

Наурыз құтты болсын! Әрбір отбасыға береке және молшылық тілеймін. Наурыз мейрамы көктемнің ереекше мерекесі. Осы ретте қазақстандықтарға денсаулық тілеймін. Жылдың басында жақсылық болсын. Мен Астанаға жақында көшіп келдім. Мәдениеттеріңізбен танысып жатырмын.

Рубен Антонио Корреа Барбоза, Қазақстандағы Бразилия Федеративтік Республикасының өкілетті елшісі:

Бұл кеште барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтағымыз келеді. Бұл мереке де көктемді, жаңа жылды тойлайды ғой. Сондықтан адамдар жиналып, бір-біріне тілек айтуыныңда маңызы зор. Осы 2024 жылға табыс тілеймін. Наурыз құтты болсын!


Хабарламаларға жазылу