Масс-медиадағы тіл мәдениеті талқыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Масс-медиадағы тіл мәдениеті талқыға түсті

12.11.2015
Масс-медиадағы тіл мәдениеті талқыға түсті
Масс-медиадағы тіл мәдениеті талқыға түсті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар- тренинг өтті. Жиынға қатысушылар «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағына сәйкес халықтың «көзі мен құлағына» айналған тілшілердің сөйлеу мәдениетін, сөз жүйесін жетілдіру және сөздік қорын толықтыру жөнінде ойларын ортаға салды.

Халықтың мұң-мұқтажын, жыры мен сырын үнемі жарыққа шығарып, үздіксіз байланыс орнататын БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радио тілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын, сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіру бойынша пікір алмасты. Семинарда кәсіби мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын көрсетді. Семинарға қатысқан тілшілерге сертификат табысталды.

Ал түстен кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл нормалары мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Басқосу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-әлеуметтік қызметіне, тілдік-жанрлық ерекшелігінің әралуандығы мен күрделілігіне сәйкес әдеби тіл нормаларын танытудағы рөлін жетілдіру мәселесі көтеріліп, күнделікті баспасөз тілінің стильдік айырым белгілеріне әсер етіп отырған басқа да факторлар жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік нормаларды жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары туралы ойларын ортаға салды.

Ләззат БЕКТАС

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу