Талдықорғанда жылу қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жылу қымбаттайды

11.11.2015
Талдықорғанда жылу қымбаттайды
Талдықорғанда 1-ші желтоқсаннан бастап жылу бағасы 25 пайызға қымбаттайды.

Жылумен қамтитын кәсіпорын басшыларының айтуынша, баға 2012-ші жылдан бері көтерілмеген. Одан бері отынның да, электр энергиясының да құны өскен.

Бұдан бөлек «Талдықорғанжылусервис» мекемесінің мамандары жылу жүйелерін жаңғыртуға және жөндеу жұмыстарына қаржы көп жұмсаймыз дейді. Оның үстіне қала тұрғындарының басым бөлігі жылуды есептеу құралдарымен қамтылмаған. Бұл нақты шығынды есептеуге мүмкіндік бермей отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу