«Alem Barysy» Жасыбай батыр туралы қойылыммен ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Alem Barysy» Жасыбай батыр туралы қойылыммен ашылды (ВИДЕО)

25.10.2014
«Alem Barysy» Жасыбай батыр туралы қойылыммен ашылды (ВИДЕО)

Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында қазақ күресінен  І Халықаралық «Alem Barysy» турнирі басталды.

Әлемнің 35 елінен келген палуандарының басын қосқан спорттық шара Жасыбай батыр туралы сахналандырылған қойылыммен ашылды.

Жарыс «Қазақстан»  Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

 «Alem Barysy» жарысында Қазақстан атынан Асыл Бәрменов, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақ қатысады.

Доданың жалпы жүлде қоры - 150 мың АҚШ доллары. Бозкілемде алтын белбеуге 38 палуан таласады.

Хабарламаларға жазылу