Соңғы тоғыз жылда жұмыссыздар саны 176 мыңға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы тоғыз жылда жұмыссыздар саны 176 мыңға азайған

03.11.2015
Соңғы тоғыз жылда жұмыссыздар саны 176 мыңға азайған
Соңғы тоғыз жылда жұмыссыздар саны 176 мыңға азайған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ таратқан мәліметтерге қарағанда соңғы 9 жылда еліміздегі жұмыссыздар саны 176 мыңға азайған. Сөйтіп, 2006 жылы 625 мың адам ресми түрде жұмыссыз жүрген болса, 2015 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш 449 мыңды құрап отыр.

Сондай-аө, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың ішінде жұмыс іздеушілердің қарасы көбейіп келе жатқан көрінеді. Алайда, жұмыс таппай жүргендердің ішінде университет пен кәсіптік-техникалық оқу орындарын жаңадан бітірген азаматтардың саны көбейіпті. 2006 жылы жұмыссыздардың 20,1 пайызы жоғары оқу орындарының түлектері болса, 2014 жылы олардың үлесі 28,2 пайызға жеткен. Яғни, 124 мың адам. Ал, 2006 жылы бұл көрсеткіш 118 мың болса керек. Дегенмен, министрліктің сарапшылары мәселенің бұлай өрбуін еңбек нарығына оқуды жаңа бітірген мамандардың жаңа легінің қосылуымен түсіндіреді. Өйткені, 2015 жылдың екінші тоқсанында жалпы жұмыссыздардың 32,4 пайызын оқу орындарының түлектері құрапты. Бірақ, жұмыссыздықты азайту бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мамандар жұмыссыздықпен күресте «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасны жүзеге асыру мол септігін тигізетіндігін айтуда. Бұл бағдарлама жұмыссыздық деңгейін 5 пайыз көлемінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша әйелдердің арасныдағы жұмыссыздықты 5,5 пайыздан, жастар жұмыссыздығын 4,6 пайыздан асырмау көзделген. Қазірідң өзінде бағдарлама тәуір жұмыс істеп жатыр. 2014 жылы осы бағдарлама аясныдағы шаралардың нәтижесінде 167 мың адам жұмыспен қамтылғыпты. Биылғы 10 айда 118 мың адам жұмыс тапқан. Олардың ішінде 97 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналаса, уақытша болса да еңбек еткен азаматтардың саны 20, 7 мың,

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу