Айтуар Қабылов құлағында мүкісі бар адамдарға арнап аппарат ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтуар Қабылов құлағында мүкісі бар адамдарға арнап аппарат ойлап тапты

26.10.2015
Айтуар Қабылов құлағында мүкісі бар адамдарға арнап аппарат ойлап тапты
Қазақстанда екі миллионға жуық құлағы нашар еститін адам бар.

Құлақ ауруына шалдыққан адамдарға қажетті арнайы аппараттарды жасайтын, ақауын жөндейтін мекемелердің саны саусақпен санарлық. Айтуар Қабылов осы олқылықтың орнын толтырамын деп бекінген. Тек, қаржы мәселесі қолбайлау. Егер демеушілер тарапынан көмек көрсетіліп жатса, онда отандастарымыз бағасы удай шетелдік құрылғылардан арылып, үш есе арзан өз өнімдерімізді пайдаланар еді.

Осындай ойдағы жоба авторы бизнесті бастауға бір миллион доллар қажет деп отыр. Бірақ, оның идеясы әзірге қағаз жүзінде ғана. Өнертапқыш есту қабілеті төмен жандарға арналған аппаратқа жүз пайыз кепілдік беріп, кез-келген комиссияның сараптамасынан өтетініне сенімді.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу