Қазақстандық өнертапқыш ерекше күнтізбе ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнертапқыш ерекше күнтізбе ойлап тапты

11.03.2014
Қазақстандық өнертапқыш ерекше күнтізбе ойлап тапты
Енді қабырғадағы күнтізбені жыл сайын ауыстыру қажет болмайды. Қазақстандық тұрғын Көпей Марқайұлы бірнеше ғасырға арналған күнтізбе ойлап тапты. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды. Мамандығы дәрігер өнертапқыш ерекше кесте жасап шықты. Онда әдеттегі бір жылдың ғана емес, 500 жылдың күндері бар. 2500 жылға дейінгі кез келген айдың кез келген күні, аптасы бір ғана параққа сыйып кеткен.
 
«1991 жылы Елбасымыз Қазақстан мәңгілік ел болады деп айтқан еді. Және егемендік  күнтізбесін жасауды тапсырған болатын, мен соны жасадым. Электронды түрлері де бар. Бірақ, олар күнді 170 жылдан әрі есептей алмайды. Одан да ұзақ жылдың күнтізбесін қарап шығу үшін, сағаттан астам уақыт кетеді. Ал менің күнтізбемде оны  небәрі бірнеше секундта  қарап шыға аласыз»,-дейді өнертапқыш.
 
Күнтізбе алгоритмды түсінетіндерге арналған. Ал қалған адамдарға арнайы нұсқаулық бар. Автордың айтуынша, оны меңгеру мектеп оқушысының да қолынан келеді. Сондай-ақ, Көпей Марқайұлы бұл күнтізбені көптеп шығармақ ниетте. Ал, Қазақстанда мұндай күнтізбе үш жылдың ішінде қолданысқа енбек.

Хабарламаларға жазылу