Батысқазақстандық кәсіпкер Сырым Белхайыров мемлекеттік бағдарламаның игілігінен қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық кәсіпкер Сырым Белхайыров мемлекеттік бағдарламаның игілігінен қағылды

26.10.2015
Батысқазақстандық кәсіпкер Сырым Белхайыров мемлекеттік бағдарламаның игілігінен қағылды
Былтыр Сырым Белхайыровтың жобасы үйлестіру кеңесінде мақұлданып, «Бизнестің жол картасы» бойынша тегін инфрақұрылым тарту көзделген.

Сырым Белхайыров, Шымкент-Самара күре жолының бойындағы автокешенді биыл іске қосты. Мұнда жолаушының тамақтанып, бой жазып, көлігінің кем-кетігін жөндеуге жағдай жасалған. Кәсіпкердің бұл жобасы былтыр «Бизнестің жол картасы» бойынша қолдау тауып, автокешенге тегін инфрақұрылым тартылуы керек еді. Бірақ, іс аяқсыз қалған.

Мемлекеттік қолдауды күте төзімі таусылған кәсіпкер өз қаржысына жарық тартқызған.
Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудан құралақан қалғанын естіп аң-таң.

Ал, жауапты тұлғалар мұны мемлекеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістермен түсіндерді.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу