Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды (толығырақ)

04.09.2015
Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды (толығырақ)

Ақтау қаласынан жаңадан бой көтерген жаңа 33-ші шағын ауданда үш бірдей балабақша ашылды.Әрқайсысы 280 орындық. Заманауи үлгіде салынған нысан өңірдегі мұнай компанияларының балаларға жасаған тартуы.

Мұнда балалардың тәрбиесі үшін толық жағдай жасалған. 14 топтан тұратын ғимаратта  бейнелеу өнері, ән-саз, би үйірмелерінен бөлек балғындардың ақыл-ойы мен сауатын көтеретін сабақтар да жүргізіледі.

Ақтауда 5 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Олар 2020 жылға дейін толықтай мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылатын болады,-дейді жергілікті билік өкілдері.  

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу