Құрамында қазақ ғарышкері бар экипаж бүгін Халықаралық ғарыш станциясына жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрамында қазақ ғарышкері бар экипаж бүгін Халықаралық ғарыш станциясына жетеді

04.09.2015
Құрамында қазақ ғарышкері бар экипаж бүгін Халықаралық ғарыш станциясына жетеді

Бүгін Астана уақытымен сағат 12-ден 42 минут өткенде «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі керек.

Мұны Ресейдегі Ұшуды бақылау орталығына сілтеме жасап,  РИА Новости агенттігі хабарлады.

Орбитаға қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов, ресейлік космонавт Сергей Волков, еуропалық астронавт Андреас Могенсен осыдан екі күн бұрын аттанған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу