Айдын Айымбетов: Маған үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсінемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов: Маған үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсінемін

01.09.2015
Айдын Айымбетов: Маған  үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсінемін

Соңғы сынақтан сүрінбей өткен ғарышкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша журналистермен кездесті.

Ғарыш кемесінің жер кіндігінен көкке көтерілер сәтін  насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  келген.  

Экипаж командирі Сергей Волков бұған дейін де бірнеше мәрте ғарышқа ұшып, ашық кеңістікте 188 сағат болса, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің бұл алғашқы сапары.

Ал Даниялық Андреас Могенсан дат елінен шыққан тұңғыш ғарышкер ретінде тарихта қалмақ.

Ғарыш кемесі ертең таңертең ұшырылады. Жоспар бойынша олар  орбитада  екі тәулік болады, содан кейін ғана халықаралық ғарыш станциясына жетеді.

Ұшу сапарына дейін экипаж мүшелерінің отбасымен бірге  болуына, тынығып-демалуына  арнайы уақыт белгіленген. 

 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу