«СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшуға дайын

01.09.2015
«СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшуға дайын

Ертең таңертең 10 сағат 37 минутта «СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі көкке көтеріледі.

Айдын Айымбетовке Каспий мен Арал маңын зерттеу жүктелген, сондай-ақ психофизикалық ахуалды да бақылау тапсырылды. Халықаралық ғарыш станциясында 75 тәжірибе сыналады. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін ғарышкерге  сәттілік тіледі. 

Еліміздің туын, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығарылған жалауша мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын салтанатты түрде табыстады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу