Сенаторлар халықтың талап-тілегін тыңдау үшін өңірлерді аралайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар халықтың талап-тілегін тыңдау үшін өңірлерді аралайды

17.03.2022

Сенат депутаттары халықтың талап-тілегін тыңдау үшін аймақтарды аралайды. Сапар барысында өңірдегі өзекті мәселелерді өз көзімен көріп, елдің пікірі мен ұсыныстарын тыңдамақ. Халықпен кездесу кезінде жолдауда айтылған басымдықтардың және қабылданатын заңдардың маңызын да түсіндіреді. Сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев Жолдау аясында Парламентке үлкен міндет пен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

Заңдарды қабылдау барысында халықтың, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылардың пікірлерін ескеру аса маңызды. Президентіміздің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау біздің басты міндетіміз. Сол себепті, қазір нағыз бел буып, білек түріп жұмыс істейтін кезең. Халықтың бізден күтетіні де, талап ететіні де сол.

Берік Көшербай 

Хабарламаларға жазылу