Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

23.02.2021

Елбасы «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев режиссердің «Анаға апарар жол», «Томирис» туындылары көрермен жүрегіне жол тапқанын айтты.

«Қазір де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін», – деді.

Өз кезегінде Ақан Сатаев көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру жайына тоқталды.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу