Алматы-Ыстықкөл автожолының ұзақтығы 480 шақырымнан 280 шақырымға қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Ыстықкөл автожолының ұзақтығы 480 шақырымнан 280 шақырымға қысқарады

15.08.2015
Алматы-Ыстықкөл автожолының ұзақтығы 480 шақырымнан 280 шақырымға қысқарады

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы Қырғыз еліндегі әріптестерімен кездесіп өзара іскер байланысты одан ары нығайтуды талқылады.

Көрші ел экономикасында Қазақстан капиталының үлесі жоғары. Бүгінде онда 400 астам кәсіпорын  әртүрлі салада жұмыс істеуде.

Алматы-Ыстықкөл жаңа бағыты бұрын болған 480 шақырым жолдың орнына 280 шақырымды құрайтын болады.

Аталған бағытты таңдау Қордай ауданының Еңбек және Қарасай батыр ауылдарын Алматы қаласымен байланыстыруға мүмкіндік береді және ол аталған өңірдің дамуына оң ықпал етпек.

 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу