Астанада құрылыс басында үш азамат қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада құрылыс басында үш азамат қаза тапты

13.07.2015
Астанада құрылыс басында үш азамат қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы - Косово Республикасының азаматтары. Қайғылы оқиға күндіз сағат 11:00  шамасында болған.

Есіл  ауданында 5 мың адамға лайықталып салынып жатқан жаңа мұз сарайының монтаж жұмыстарымен айналысқан  азаматтар 20 метр биіктіктен құлаған. Барлығы  «Mabco Construction S.A.» фирмасының астаналық бөлімінің жұмыскерлері.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу