Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жарыққа шықты
Шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, қоғам қайреткерлері мен жазушылар қатысты.
Шығарманың өн бойында Қазақстан тарихының жаңа заманы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастырудағы ұлы істері мен ұлағатты өмірі суреттеледі.
Шығыс пен Батыстың қиылысқан жерінде, Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында Қазақ елін әлемге танытқан тұлғаның ерен еңбегін тануға болады.
Елбасы кітапта қоғам қайраткері, журналист Сауытбек Әбдірахмановқа өмірі жайлы әңгімелей отырып, заман, қоғам жайлы толғаныстарын шебер баяндайды.
Сұхбат жанрында жазылған кітапты жазушылар қауымы терең ойдың жемісі, қисынға құралған кемел, деректі туынды деп бағалады.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтар теңгемен көбірек ақша жинай бастады
24.11.2026, 11:14
Екібастұзда 31 отбасы үйлі болды
24.11.2026, 10:14
Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік
24.11.2026, 10:13
ML School Kazakhstan бағдарламасы іске қосылды
24.11.2026, 10:12
Қарағандыда ЖИ мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 10:11
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ рейтингтерін растады
24.11.2026, 10:09
Ресейде коронавирус түрлеріне қарсы вакцина шығарылды
24.11.2026, 10:07
Тегеран Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтірудің басты шартын атады
24.11.2026, 10:06