Басты Жаңалықтар Қарағандыда ЖИ мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды

Қарағандыда ЖИ мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды

Қарағанды қаласында жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізілген AI-кеңсе ашылды. Енді тұрғындар мемлекеттік қызметтерді оператордың қабылдауын күтпей-ақ, өз бетінше ала алады. Мұнда eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар орнатылған. Тұрғындар өз өтінішін жазса, жүйе қажетті қызметті тауып, оны алу жолын түсіндіреді. Қазір елде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді, ал операторларға жүгінетіндер саны 30 пайызға азайған. Мұндай цифрлық кеңселер еліміздің 9 қаласында жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 10 өңірде іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар eGov GPT арқылы ең қажетті 150 мемлекеттік қызметті алуға болады. Бұл қызметтерге барлық өтініштің шамамен 80 пайызы тиесілі.

Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы:

Біз азаматтарға мемлекеттік қызметті өз бетінше алуға мүмкіндік береміз. Жасанды интеллект қызметті қалай алуға болатынын түсіндіріп, толықтай көмектеседі. Ал түсінбеген жандар болатын болса арнайы оқыту сыныптары бар. Мұнда үйренген адам кейін қажетті құжатын үйде отырып-ақ ала алады.

Бөлісу