Басты Жаңалықтар Қазақстандықтар теңгемен көбірек ақша жинай бастады

Қазақстандықтар теңгемен көбірек ақша жинай бастады

Қазақстандықтар теңгемен көбірек ақша жинай бастады

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банктердегі жинағы 30,67 трлн теңгеге жетті. Бір жылда бұл көрсеткіш 15,9%-ға өскен.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 22,8%-ға артып, 25,1 трлн теңгені құрады.

-  Ұзақ мерзімді депозиттер – 8,64 трлн теңге (өсім – 8,1%);

-  Қысқа мерзімді депозиттер – 14,04 трлн теңге (өсім – 38,6%);

-  Шетел валютасындағы депозиттер – 5,45 трлн теңге (8%-ға азайған).

Ұзақ мерзімді теңгедегі салымдардың көлемі бойынша Отбасы банк көш бастап тұр. Банктегі мұндай депозиттердің көлемі бір жылда 32,7%-ға өсіп, 3,38 трлн теңгеге жеткен.

Депозиттерге қанша теңгеге дейін кепілдік беріледі?

-  Теңгедегі жинақ салымдарына – 20 млн теңге;

-  Теңгедегі басқа депозиттер мен шоттарға – 10 млн теңге;

-  Шетел валютасындағы депозиттерге – 5 млн теңге баламасында.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшыларға белгіленген шекті мөлшерде өтемақы төленеді.

Бөлісу