Елордадағы Полиция қызметкерлерінің күні «Мәңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Полиция қызметкерлерінің күні «Мәңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды

23.06.2015
Елордадағы Полиция қызметкерлерінің күні «Мәңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды

Астанада тәртіп сақшыларының төл мерекесі тойлануда. Көліктегі Ішкі істер департаментіндегі салтанатты шара «Мәңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне бір сәттік үнсіздік жарияланды.

Мерекеге Ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.

Салтанатты шара барысында еңбегін абыроймен атқарып жүрген қызметкерлер марапатталды. 130-дан астам тәртіп сақшысына Мақтау грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу