Павлодарда былтыр ғана жөнделген көпірдің ортасы ойылып түсті

13.05.2015
Павлодарда былтыр ғана жөнделген көпірдің ортасы ойылып түсті

Кутузов көпірі қаланы солтүстік өндірістік аумақпен жалғайды. Өткел осыдан 50 жыл бұрын салынған. Өткен жылы сарапшылар апатты жағдайда деп танып күрделі жөнделген. Алайда, нәтиже шамалы болып шықты.    

Көпірдің құлағалы тұрған тұсын алдымен мемлекеттік автоинспектор көрген. Дереу хабар беріп, көлік қозғалысын тоқтатқан.

Қазір апатты жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Қолда бар дерекке қарағанда өткелдің опырылған тұсында ескі кәріз жүйесі болған. Соған су жиналып, асфальттың астындағы шағыл тас пен құмды шайып жіберген көрінеді.

Былтырғы жылы осы көпірді жөндеуге бюджеттен 130 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер компания «ол қаржыны толық игеруге мүмкіндік бермеді», - деп қалалық әкімшілікпен соттасып жатыр.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу