Павлодарда былтыр жөнделген жол биыл қайта қопарылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда былтыр жөнделген жол биыл қайта қопарылып жатыр

12.05.2021

Павлодар қаласында былтыр ғана жөнделген көшелердің асфальты биыл қайта қопарылып жатыр. Өткен жылы шаһар ішіндегі 40 шақырым жолды жөндеуге 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мәселен, Кеңес Одағының батыры Иван Кривенко атындағы көшенің асфальты күзде ғана жаңартылды. Қазір қайта астаң-кестеңі шыққан. Жергілікті билік жылу желілерін жаңартып жатырмыз- дейді.

Сәкен Төлеген,    қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:
Жылу күштері мысалы осы тұрған үйлерге, жаңа қосылып отырған үйлер бар, жылудың күші жетпейді. Сол себепті біз оның құбырын үлкейтіп жатырмыз. Сондай мақсатта осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу